×

«3 адам қаза тапты»: Оралда қайғылы жағдай болды

Орал қаласында бір күнде екі жол апатынан үш адам қаза тапты

 Халық үні 25.07.2023 | 23:20
фото: zakon.kz

Орал қаласында бір күнде екі жол апатынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, бірінші оқиға 25 шілде күні шамамен сағат 12.50-де Махамбет ақын мен Көкшетау көшелерінің қиылысында болды.

1988 жылғы жүргізуші айдап келе жатқан «Тойота Альфард» автокөлігі мопедпен соғысқан. Мопедтің 1961 жылғы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіләп жатыр.

Тағы бір жол апаты сағат 15.04-те Ғ.Құрманғалиев пен Көкшетау көшелерінің қиылысында болды.

«1971 жылғы жүргізуші «ВАЗ-2114» автокөлігімен мотоциклмен соқтығысқан. Соның салдарынан мотоциклдің 1987 жылғы жүргізушісі мен 1992 жылғы жолаушысы мерт болды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде», - деп хабарлады ведомстводан.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 1971 жылғы ер адамның ауруханаға жатудан бас тартқанын жеткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама