×

Ұлттық сараптама орталығы төрағасының бұрынғы орынбасары пара алды деген күдікке ілінді

2023 жылғы 18 мамырдағы бұйрықпен «Ұлттық сараптама орталығы» төрағасының орынбасары қызметінен босатылды

 Халық үні 25.07.2023 | 19:31
ашық дереккөзден

Ұлттық сараптама орталығы төрағасының бұрынғы орынбасары Сәдуақас Байғабылов сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдікке ілінді. Бұл жөнінде ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді.

«2023 жылғы 14 шілдеде ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК базасында оның филиалдарының басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Жетісу облыстық филиалының директоры А. Манкеев пен «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК төрағасының орынбасары С. Байгабуловқа қатысты ұсынысы қаралды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында А. Манкеев қызмет бойынша ауысу мақсатымен өзінің басшысы С. Байғабыловқа ақша қаражатын бергені анықталды», – делінген хабарламада.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство Сәдуақас Байғабылов Манкеевті Алматы облысындағы қызметке ауыстырғаны үшін 2500 доллар көлемінде пара алғанын нақтылады.

Сәдуақас Байғабылов бұған дейін денсаулық сақтау саласында жоғары лауазымды қызметтер атқарған. Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы, елорданың, Павлодар облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері, Қазақстанның көліктегі бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қызметтерін атқарған.

2023 жылғы 18 мамырдағы бұйрықпен «Ұлттық сараптама орталығы» төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама