×

Сауд Арабиясы футбол трансферіне 19,7 млрд еуро бөлді

Чемпионаттың жаңа маусымы 11 тамызда басталады

 Дастан Жұмабекұлы 25.07.2023 | 18:09
Фото: ашық дереккөз

Сауд Арабиясының Спорт министрлігі алдағы 7 жылға футбол трансферлеріне шамамен 19,7 млрд еуро қаражат бөлді. Бұл туралы журналист және инсайдер Бен Джейкобс әлеуметтік желіде мәлімдеді.

Сауд Арабиясы футбол трансферіне 19,7 млрд еуро бөлді. Енді осы елдің командалары 2030 жылға дейін орташа есеппен алғанда әрқайсысы 2,5 млрд еуродан алады, – деді ол.

Сауд Арабиясы чемпионатының жаңа маусымы 11 тамызда басталады.

Қазір бұл елде португалиялық Криштиану Роналду «Әл-Наср» клубында ойнайды. Ол – жарты жылдан бері осы команданың шабуылшысы. Онымен бірге бір командада Марсело Брозович ойнап жүр. Сонымен бірге жақында «Әл-Иттихад» жасағына франциялық ойыншы Карим Бензема келді. Одан басқа, «Әл-Иттихадта» Нголо Канте ойнайды. Саудияның «Әл-Хилал» клубының құрамына Рубен Невеш, Калиду Кулибали қосылған. «Әл-Ахлиде» Эдуар Менди бар.

Алдағы уақытта Сауд Арабиясының командаларына Неймар, Лука Модрич, Садио Мане, Антуан Гризманн мен Роберт Левандовски келуі мүмкін деген ақпарат шықты.

Енді жақын арада «Пари Сен+Жерменнің» шабуылшысы Килиан Мбаппе де Араб түбегіне барады деген әңгіме бар. Оны «Әл-Хилал» жасағы 300 млн еуроға сатып алғысы келеді екен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама