×

704 млн теңге желге ұшпайтын болды: Экология министрлігі қажетсіз зерттеуден бас тартты

Кәсіби экологтар оны ақша жымқырудың амалы деп санайды

 Ербол Тұрымбет 25.07.2023 | 16:16
фото: Halyq Uni

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі экологиялық нормативтерді бекіту, сол үшін осы бағытта ғылыми зерттеу жүргізуге 704 млн теңге көлемінде қаржы бөлу жөнінде Ғылым және жоғары білім министрлігіне сұраныс жіберген.

Сөйтіп, 2023-2025 жылдарға арналған конкурстық құжаттама негізінде 2023 жылға – 263 303 мың теңге, 2024 жылға – 441 201 мың теңге қарастырылады. Құжаттың техникалық тапсырмасы бойынша зиянды компоненттердің өсімдіктер мен биоәртүрлілікке әсерін бағалау үшін іс-шаралар атқару қажет болады. Оның ішінде далалық және зертханалық зерттеу жүргізу, сондай-ақ адам денсаулығына әсерін ескере отырып, экожүйелердің компоненттерін (су, ауа, топырақ) зерттеу керек.

Зерттеулерді Қазақстанның әр түрлі өңірінде жергілікті ерекшеліктерін ескере отырып жүргізу жоспарланады. Сөйтіп, бұл жұмыстың нәтижесі сапаның экологиялық нормативтері боп танылуға тиіс еді.

Алайда Тәжірибешіл экологтар қауымдастығы ондай зерттеулердің әлдеқашан жасалып қойғанын, ол үшін арнайы қаржы бөлдірудің еш қажеті жоқ екенін айтады. Сол үшін бұл жағдайды тек бюджеттен ақша шығарудың амалы деп санайды. Сондықтан қауымдастық өкілі Антикорға, Жоғары аудиторлық палатаға және Президент әкімшілігіне де шағым түсірген.

Осыдан соң министрлік те қыруар қаржы сұраған жобасынан өзі бас тартатынын мәлімдеді. Өйткені, берген жауаптарына қарағарда, «конкурсқа ұсынылған техникалық тапсырма өзгертілген. Оның үстіне, ішінде жоғарыда айтылған зерттеу жұмыстары мен басқа да шаралар мүлде жоқ.

Бұдан бөлек, Экология министрлігіне Тәжірибешіл экологтар қауымдастығының өтініші келіп түскенін, онда техникалық тапсырмада көрсетілген көптеген шара бұдан бұрын орындалғаны атап өтілді, бұл жүргізілген талдау барысында расталды. Сондықтан, 2023 жылғы 19 шілдеде ҚР ҒЖБМ-ға Конкурстық құжаттамадан сапаның экологиялық нормативтерін әзірлеу бойынша ғылыми-техникалық тапсырманы алып тастау жөнінде хат жолданды, – делінген ресми жауапта.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама