×

Астанада 27 автобустың бағыты өзгеріп кетті

Жаңа қозғалыс сызбасымен төмендегі сілтеме арқылы танысуға болады

 Еркеғали Болатұлы 23.07.2023 | 13:33
фото: 2gis.kz

Астаналық City Transportation Systems көлік компаниясы кейбір қоғамдық көліктің маршруты уақытша ауысқанын еске салды.

Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, қазір қала көшелерінің көбінде жол жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Осыған байланысты №1, 2, 4, 4А, 13, 19, 24, 24Н, 33, 70, 71, 52, 16, 44, 64, 48, 41, 51, 28, 15, 15А, 11, 8, 9, 5, 5А, 60 бағдарларының қозғалыс сызбасы жөндеу біткенше уақытша өзгереді.

Жаңа қозғалыс сызбасымен төмендегі сілтеме арқылы танысуға болады.

Сапарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - деп ескертті компания.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама