×

«Анам өлді» деп айқайлаған»: Алматыда балаларының көзінше суицид жасаған әйелге қатысты тың дерек шықты

Марқұм бұған дейін де бірнеше рет күйеуінен таяқ жеп жүргенін айтып шағымданған

 Халық үні 20.07.2023 | 21:33

Алматыда үш баланың анасы өзіне-өзі қол салды. Жас ана перзенттерінің көзінше өз пәтерінде асылып қалған. Ал бұл кезде үйде үлкендер болмапты. 7 жасар қызы «Анам өлді» деп терезеге айқай салған соң, көршілер дереу жедел жәрдем шақырған, деп хабарлайды Astana TV. 

Телеарна хабарлауынша, 1994 жылғы әйел өмірге құштар, мейірімді, ақжарқын адам еді деп еске алады олар. Жақын араласқан құрбылары ол мұндай қадамға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың кесірінен баруы мүмкін деп отыр. Айтуларынша, марқұм бұған дейін де бірнеше рет күйеуінен таяқ жеп жүргенін айтып шағымданған. 

Осыдан үш күн бұрын күйеуінің ұрғанын естіген. Кәдімгідей көршілері естіген, айқай-шу шыққан, ана жақта күйеуі ұрған. Бұрыннан айтатын зорлық-зомбылық көріп жүрмін, Қырғызстанға кетіп қалғым келеді мамасы мен папасының жанына деп. Загран.паспорт жасатқан қыста күйеуіне айтпай, пособиясының ақшасына. Күйеуінен қорлық көріп осындай қадамға барып отыр ғой, дейді қала тұрғыны Жасмин Бақтығалиева. 

10 жылдан аса отасқан жолдасы бұған қандай да бір жауап айтудан бас тартты. Тек жақындары былай деп тіл қатты:

Мен сіздерге айтайын, ондай ештеңе болған жоқ. Участовый келді, бәрін сұрады. Ондай жоқ. Это бытвоуха, это жизненный фактор. Жоқшылықтың кесірінен. Ешқандай қол көтерген емес.

Оқиғаның ақ-қарасын құзырлы органдар анықтайды. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек ҚК-тің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама