×

«Әйел кішкентай қызды байлап тастаған»: Полиция департаменті мәлімдеме жасады

Қыздың әке-шешесі бейнежазбадағы әйелге ақшалай қарыз болған

 Халық үні 20.07.2023 | 20:45
фото: видеодан скриншот

Алматы облысы Қырғауылды ауылында жеткіншек қызды көршісі байлап тастаған. Полиция түсініктеме берді.

Бейнежазбада әйел жеткіншектің аузы мен қолын байлап тастаған. Полицияның айтуынша, әйелдің жасы - 23-те.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ол мұны кәмелетке толмаған баланың ата-анасына ашуланып істеген. Өйткені қыздың әке-шешесі бейнежазбадағы әйелге ақшалай қарыз болған. Бірақ күдікті баланы босатып қоя берген, - дейді ведомство.

Ал жәбірленуші қыздың анасы ауылдастарының үстінен арыз жазудан және сот-медициналық сараптама жүргізу үшін қызын ұсынудан үзілді-кесілді бас тартқан.

Бұл факт Қылмыстық кодекстің 389-бабы бойынша («Өзінше билік ету») Жамбыл аудандық полициясында тіркелген. Қажетті сараптамалық тексерулер жасалады дейді полиция.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама