×

Су спорты: Эдуард Ким әлем чемпионатының финалына шықты

17 шілдеде ол қола медаль алды

 Дастан Жұмабекұлы 19.07.2023 | 11:30
фото: Мәдениет және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

Жапонияның Фукуока қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында артистік жүзудің еркін бағдарламасында өнер көрсеткен Эдуард Ким финалға шықты.

18 шілдеде өткен іріктеу сынында ол 173.0499 ұпаймен екінші орын алып, финалға жолдама алды. Бірінші орында АҚШ спортшысы Кеннет Годе тұр. Үздік үштікті ұлыбританиялық Рандзю Томблин түйіндеді.

Финалдық сайыс бүгін, 19 шілдеде болады. Бұл жарыс Астана уақытымен Qazsport арнасынан 17:05-те басталады.

Еске сала кетсек, Эдуард Ким 17 шілдеде артистік жүзудің техникалық бағдарламасы бойынша әлем чемпионатының қола жүлдесіне ие болған еді. Бұл – оның 1994 жылдан бері әлем чемпионатына қатысып келе жатқан Қазақстан құрамасының су спорты түрлерінен ересектер арасында иеленген тұңғыш жүлдесі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама