×

Cу спорты: Эдуард Ким әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бұл спорт түрінен атлеттер енді 22 шілдеде еркін бағдарламада бақ сынайды

 Дастан Жұмабекұлы 17.07.2023 | 16:26
фото: Мәдениет және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

Жапонияның Фукуока қаласында су спорты түрлерінен әлем чемпионаты болып жатыр. Бүгін Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлады Мəдениет жəне спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы.

Эдуард Ким көркем жүзу бәсекесінің техникалық бағдарламасында қола медаль иеленді. Отандасымыз 216 ұпай жинап, топ жарған испаниялық Диас дель Рио Сол Фернандо (224, 555) мен күміс жүлдегер, америкалық Годе Кеннетке (216, 800) есе жіберді.

Биыл ерлер арасындағы артистік жүзу алғаш рет əлем чемпионатына қосылды. Жапониядағы бəсекенің финалында 10 спортшы алғашқы жүлде жиынтығын сарапқа салды.

Бұл спорт түрінен атлеттер енді 22 шілдеде еркін бағдарламада бақ сынайды. Бұдан бөлек, Қазақстан құрамасы суда жүзу, су добы (ерлер, әйелдер) және ашық суда жүзу жарыстарында өнер көрсетеді.

Дода 30 шілдеде аяқталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама