×

Астанада жалдамалы тұрғын үй бағдарламасына өтініш беру жалғасып жатыр

Әзірше 1 885 адам өтініш берген

 Дастан Жұмабекұлы 18.07.2023 | 15:05
Фото: elorda-damu.kz

Астана қаласында «Халықтың әлеуметтік осал топтары» санатына арналған сатып алуға болмайтын жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтініштерді қабылдау жалғасып жатыр. Әзірше 1 885 адам өтініш берген.

Өтінішті онлайн режимінде Qatysu.zhilfond.kz сайтында 26 шілдеде сағат 23:59-ға дейін беруге болады.

Кезекке тұрған мына санаттағылар өтінім бере алады:

1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

1-1) жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;

1-2) басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдарына қатысқан ардагерлер;

2) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;

3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

4) кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;

5) жасы бойынша зейнеткерлер;

6) жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

7) қандастар;

8) экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;

9) көпбалалы отбасылар;

10) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқару, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе іске асыру, адам өмірін құтқару, құқықтық тәртіпті қорғау кездерінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

11) толық емес отбасылар.

Ескерту: өтінім бергендер арасында кім үй кезегінде бұрын тұрды, солар негізгі тізімге ілігеді. Бұл пәтерлер ипотекалық бағдарлама емес. Барлығы – 110 пәтер. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама