×

Күрестен АЧ: Қазақстанның әйелдер құрамасы 3 жүлде алды

Бүгін 53, 57, 62, 65 және 72 келідегі спортшылар құрлық додасын сарапқа салады

 Дастан Жұмабекұлы 18.07.2023 | 09:00
Фото: Күрес түрлері федерациясы

Иорданияның астанасы Амман қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатының (U15&U20) алтыншы күні U20 әйелдер күресінен 5 келі салмақ дәрежесінде белдесулер өтіп, ұлттық құрама 3 жүлдені жеңіп алды.

Негізі 5 салмақтың бесеуінде де әйелдер құрамасы қола жүлде үшін белдесуге мүмкіндік алған болатын. Олардың арасынан 50 келідегі Лаура Ғаниқызы түркімен Лачын Аннамурадованы айқын басымдықпен ұтып, алғашқы қола жүлдені жеңіп алса, 55 келідегі Зейнеп Баянова өзбек Айсанем Құрбанбаевадан айласын асырып, екінші қола медальдің иесі атанды.

Үшінші қола жүлдені Тайпэй өкілі Чжи И Лиден басым түскен Жібекжан Сабыржанова (68 келі) қоржынға салды. Өкінішке қарай, 59 келідегі Мәдина Аман мен 76 келідегі Арайлым Алтынбек қолдарында тұрған жүлдеден айырылып қалды.

Бүгін жарыс жолына әйелдер күресінен 53, 57, 62, 65 және 72 келідегі қыздар шығып, құрлық додасын өзара сарапқа салады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама