×

Павлодар облысында 40-қа жуық мал қырылып қалды

Ірі қараның қырылуына улану себеп болған

 Дастан Жұмабекұлы 17.07.2023 | 13:03
Фото: ашық дереккөз

Pavlodarnews.kz-тің хабарлауынша, 14-шілдеде Железин ауданы Башмачное ауылында «Асан» шаруа қожалығының 37 ірі қарасы қырылып қалған. Бұл туралы Железин ауданы ветеринарлық станциясының басшысы Жаслан Асайынов әлеуметтік желіге жазды.

Оның айтуынша, 40-қа жуық мал уланғаннан қырылып қалуы мүмкін.

Қазір малдың қырылу фактісі бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп, облыстық зертханаға жіберілді. Алдын ала болжам бойынша, малдар уланып қалуы мүмкін, – деді ол.

Осы оқиғадан кейін шаруа қожалығында 120-ға жуық ірі қара қалған. Олардан ешқандай ауру белгілері табылмаған. Малдар аудандық ветеринарлық қызметтің назарында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама