×

Бас прокуратура Сарығаштағы қайғылы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 

 Халық үні 14.07.2023 | 20:39
фото: zakon.kz

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында қыз баланы өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Ведомство мәліметінше, аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі (жас баланы өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 

Құзырлы ведомство 13 шілдеде Түркістан облысының Сарыағаш ауданында зорлықпен өлім белгілері бар жасөспірім қыздың мәйіті табылғанын еске салады. Сол күні полиция қызметкерлерімен осы қылмысты жасады деген күдікпен бұрын бірнеше рет сотталған аудан тұрғыны Г. ұсталып, УҰИ-на қамауға алынды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша орын алған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталу үстінде. 

Күдікті Г-ның 2006 жылы адам өлтіргені үшін 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілгені анықталды. 2023 жылдың мамырында Г. алкогольдік ішімдік ішу барысында орын алған жанжал кезінде ауылдасын балтамен ұрғаны үшін сотталған. Сот Г. жәбірленушімен татуласқанын және оның бұрынғы соттылығы өтелгенін ескере отырып, оған пробациялық бақылау белгілей отырып, 3 жыл бас бостандығын шектеу тағайындаған,- делінген ақпаратта. 

Бас прокуратура аталған үкімге жазаны қатаңдату және бас бостандығынан айыруды тағайындау туралы кассациялық наразылық келтірді.

Пробациялық бақылауда болған Г. аса ауыр қылмыс жасағанын ескере отырып, пробация қызметінің қызметкерлеріне қатысты салғырттық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, - делінген хабарламада. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама