×

Қазақстанда 200 мыңнан аса шетелдік көлік заңдастырылды

Автомобильдер былтыр 1 қыркүйекке дейін әкелінген

 Дәурен Ерболат 13.07.2023 | 15:30
фото: ашық дереккөз

Елімізде 200 мыңнан аса шетелдік көлік есепке қойылды. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Шетелдік көліктерді заңдастыру биыл қаңтарда басталған.

Бүгінде Қазақстан есебіне 206 мыңға жуық шетелдік автокөлік қойылды. Заңдастырылған автокөліктердің басым бөлігі Кеден одағындағы 3 елге тиесілі: Ресейден әкелінген көлік – 132 929, Армения – 37 113, Қырғызстан – 21 601, - деді Қайсар Сұлтанбаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Шетелдік автомобильдердің ең көп саны Алматыда (21 115) тіркелген. Кейінгі орында Ақтөбе облысы (20 876), Шымкент қаласы (15 145), Батыс Қазақстан облысы (14 204), Атырау облысы (14 197), Қызылорда облысы (13 695) тұр.

Еске сала кетсек, 2023 жылғы 22 мамырдан бастап елімізде конструктор-автокөліктерді заңдастыруға рұқсат етілген болатын.

«Осылайша, бүгінде 14 297 конструктор-автокөлік заңдастырылды», - деді Қайсар Сұлтанбаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама