×

Елімізде конструктор-автокөліктерді заңдастыруға рұқсат етілді

Үкімет қаулысы шықты

 Дастан Жұмабекұлы 05.05.2023 | 08:52
фото: ашық дереккөз

Қазақстандықтарға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Қазақстанға жеткізілген шетелдік автокөліктерді заңдастыруға мүмкіндік берілді.

Үкімет азаматтарға конструктор-автокөліктерді заңдастыруға және бастапқы тіркеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тиісті ережелерге өзгерістер енгізді.

Мұндай көліктерді бастапқы тіркеу үшін алым мөлшерлемесі 200 мың теңге болады. Тіркелу үшін өтініш, ішкі істер органдарының уәкілетті қызметкері берген көлік құралын тексеріп-қарау актісі мен техникалық тексеріп-қараудың диагностикалық картасы болуы қажет. 

Автокөліктерді заңдастыру үшін өтінімдерді Egov қызметтері және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы беруге болады.

Қазақстанға қосалқы бөлшектер түрімен әкелінген және кедендік тазартудан өтпеген автокөлікті тіркеу куәлігінде меншік құқығын өзгертуге тыйым салу және тек Қазақстан аумағында пайдалануға рұқсат беру туралы жазба көрсетіледі.

Ішкі істер министрлігінің мәліметіне қарағанда, акция басталғалы еліміз бойынша 107 мыңнан аса көлік заңдастырылған. Сонымен қатар 14 мыңға жуық конструктор-автокөлік анықталған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама