×

Астанада журналистер арасындағы байқаудың жеңімпаздары анықталды

«Голос народа» тілшісі номинациялардың бірінде үздік деп танылды

 Дастан Жұмабекұлы 12.07.2023 | 17:53
Фотолардың авторы: Сұлтан Сейітов

Астананың 25 жылдық мерейтойына орай республикалық БАҚ өкілдері арасында өткен байқаудың жеңімпаздары марапатталды. Байқау Астана қаласы әкімдігінің тікелей қолдауымен ұйымдастырылды.

Астана қаласының 25 жылдығына орай журналистер арасында ұйымдастырылған байқауда «Халық Үні» медиа-холдингіне қарасты «Голос народа» ақпарат агенттігінің тілшісі Назира Балташева «Үздік шолушы» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Еске салайық, «Голос народа» ақпарат агенттігінің ашылғанына 1 жыл толды, бүгінде еліміздегі оқырманы ең көп БАҚ-тың біріне айналды.

Ақпарат агенттігінде әлеуметтік мәселелер көтеріліп, мықты спикерлер сұқбат береді. Қазақстанда өткен маңызды іс-шаралардан жедел ақпарат, фоторепортаж, видео-жаңалық әзірлейді. Редакцияға жүгінген тұрғындардың өтінішіне жауап беріп, олардың көтерген мәселесін тиісті органдарға жетуіне себепші болады.

«Халық үні» редакциясының ұжымы әріптесімізді жетістігімен шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс тілейді.

Жалпы, байқауға 7 аталым бойынша барлығы 100-ден астам үміткер қатысты. Қазылар алқасының шешімімен төменде жарияланған аталымдар бойынша конкурстың жеңімпаздары анықталды:

1) «Үздік журналист-сарапшы» – I орын – Гүлшат Сералы («Астана ақшамы» газеті), II орын – Арнұр Асқар («Егемен Қазақстан» газеті), III орын – Максим Удод («Вечерняя Астана» газеті);

2) «Үздік шолушы» – I орын – Назира Балташева («Голос народа» ақпараттық агенттігі), II орын – Әбубәкір Смайылов («Жас қазақ» порталы), III орын – Әйгерім Мұсатаева («Литер» газеті);

3) «Үздік радиорепортаж» –  I орын – Дулат Абибуллаев («Қазақ радиосы»), II орын – Раушан Сыбанжанова («Халық радиосы»), III орын – Азамат Тілепов («Қазақ радиосы»);

4) «Үздік телесюжет» – I орын – Марк Брюшко («Жібек жолы» телеарнасы), II орын – Ғабит Бөкенбай («Қазақстан» телеарнасы), III орын – Динара Абдирова («24 kz» телеарнасы);

5) «Үздік мобилограф» – I орын – Ұлан Әбішев («Қазконтент» АҚ), II орын – Әйгерім Ержанова («Евразия» бірінші арнасы), III орын – Абай Уахит («Аманат» партиясы);

6) «Үздік фоторепортаж» – I орын – Шүкір Шахай, II орын – Владислав Воднев, III орын – Сұлтан Сейітов («Астана ақшамы» газеті), Ерлан Омаров («Егемен Қазақстан» газеті);

7) «Әлеуметтік желідегі Астананың 25 жылдығы туралы үздік материал» арнайы номинациясы – I орын – Қайнар Олжай, II орын – Ренат Ташкинбаев, III орын – Салтанат Жакупова («Елорда Инфо» сайты).

Бірінші орынға – 1 000 000 теңге, екінші орынға – 500 мың теңге, үшінші орынға –  300 мың теңгенің сертификаты табыс етілді.

Жеңімпаздарды еліміздегі белгілі журналистер, медиа-сарапшылар және белгілі сала өкілдерінен құралған  конкурстық комиссия анықтады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама