×

Сенат төрағасы шахматшыларға сәттілік тіледі

Фестивальге 800-ден аса шахматшы қатысып қатысып жатыр

 Дәурен Ерболат 12.07.2023 | 17:10
Фото: Шахмат академиясы

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев «Астана жұлдыздары» халықаралық шахмат фестивалінің қатысушыларына сәттілік тіледі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Іс-шара Астананың 25 жылдығына орайластырылған. Халықаралық фестивальді ұйымдастырушы – танымал шахматшы Динара Сәдуақасова. «Астана жұлдыздарына» әлемнің 16 елінен 800-ден аса шахматшы қатысып жатыр.

Мәулен Әшімбаевтің пікірінше, елордада мұндай іс-шараны ұйымдастырудың маңызы зор.

Мұндай халықаралық турнир еліміз үшін өте маңызды. Олар стандарттарды белгілейді, жаңа таланттарды ашады, бәсекелестік рухын нығайтуға және шахматшылардың спорттық шеберлігін шыңдауға көмектеседі. «Астана жұлдыздары» фестивалі әлемнің түкпір-түкпірінен шахмат кәсіпқойлары мен әуесқойларын жинап, Қазақстанда шахматты одан әрі насихаттау мен дамытуға септігін тигізетініне сенімдімін, - деп жазылған спикердің құттықтау хатында.

Осы орайда Мәулен Әшімбаев шахматшыларға сәттілік тіледі.

Айта кетсек, бұл «Астана жұлдыздары» шахмат фестивалінің жүлде қоры – 40 млн теңге.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама