×

Астанада халықаралық шахмат фестивалі өтеді

Турнирдің жүлде қоры – 40 млн теңге

 Дәурен Ерболат 05.07.2023 | 18:18
Фото: Шахмат академиясы

Елордада «Астана жұлдыздары» халықаралық шахмат фестивалі өтеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Биыл 11-19 шілде аралығында «Астана жұлдыздары» атты шахмат фестивалі өтеді. Халықаралық іс-шараны Астананың 25 жылдығына орай танымал шахматшы, түрлі әлем чемпионатының жеңімпазы Динара Сәдуақасова ұйымдастырады.

Фестиваль аясында өтетін турнирге әлемнің 16 елінен 800-ден аса адам қатысады деп жоспарланып отыр. Оның жүлде қоры – 40 млн теңге.

Сонымен қатар қонақтар үшін «Бәйтерек» монументіне, Ұлттық музейге, Океанариумға және этномузейге арнайы экскурсиялар ұйымдастырылады.

Жалпы 4 турнир өтеді: ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан кубогының кезеңі, әуесқойлар арасында балалар арасында және блиц.

Жарысқа Екібастұз қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері де қатысады», - деп жазылған Шахмат академиясы таратқан хабарламада.

Сондай-ақ фестивальде «FIDE ұйымдастырушысы» (FIDE – ұлттық федерацияларды біріктіретін халықаралық шахмат федерациясы) атағын алу үшін семинар ұйымдастырылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама