×

Еркін күрес: Қазақстан құрамасы турнирде 9 медаль алды

Балуандар Испаниядан олжалы оралды

 Дастан Жұмабекұлы 10.07.2023 | 16:33
фото: Мәдениет және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының балуандары Испанияның Мадрид қаласында еркін күрестен өткен халықаралық Гран-при турнирінде 9 жүлдені жеңіп алды.

Ұлттық құраманың балуандары 4 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль алып, жалпы командалық есепте 2-орынды иеленді. Атап айтқанда, Бекарыс Мейрамбек (55 келі), Бақытжан Қабыл (60 келі), Аманбек Алматбек (67 келі), Дамир Тұрсынов (82 келі) турнирдің жеңімпазы атанса, 55 келіде күрескен Қуат Армия мен Ілияс Дауытов (63 келі) күміс жүлдеге ие болды.

Сонымен бірге, осы турнирде Олжас Сұлтан (60 келі), Қанат Ақытбек (63 келі), Темірлан Мамытбектің (72 келі) жолы болып, олар қола медальға ие болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама