×

Алматыда базар аумағынан өрт шықты (ВИДЕО)

Халықты эвакуациялау жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 09.07.2023 | 13:20
Фото: Алматы обл. ТЖД баспасөз қызметі

Алматыда базар аумағынан өрт шықты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт туралы қоңырау бүгін сағат 12 шамасында түскен. Құтқару бөлімшелері келгеннен кейін «Кенжехан-2» киім базарының аумағында контейнерлік үлгідегі қоймада өрт болғандығы анықталды. Өрт аумағы анықталып жатыр.

Халықты базардан эвакуациялау жүргізілуде.

Өртті жедел жою жұмыстарына Алматы қаласы ТЖМ бөлімшелерінің жеке құрамы мен техникасы жұмылдырылды. ТЖМ мамандарының жедел әрекетімен өрт сағат 14:05-те жойылды. Мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама