×

Алматыда ұйымдасқан қылмысқа қарсы мамандарды даярлайтын орталық ашылды

Онда мамандар кәсіби біліктілігін де шыңдайды

 Дәурен Ерболат 09.07.2023 | 11:32
Фото: polisia.kz

ІІМ Алматы академиясында ұйымдасқан қылмысқа қарсы мамандарды даярлайтын орталық ашылды, деп хабарлады Polisia.kz.

Іс-шараға Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Арыстанғани Заппаров, ІІМ Алматы академиясының басшысы Айдар Сайтбеков қатысты.

Жаңа орталық Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың тапсырмасы бойынша ашылған. Онда полицейлерге академияның білікті профессорлық-оқытушы құрамы аталған бағыттағы жұмыстың дағдылары мен ерекшеліктерін үйретеді.

Онда еліміздің әр өңірінен келген полиция қызметкерлері біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Басты мақсат – ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресте полицейлердің кәсіби біліктілігін арттыру,  - деп жазылған хабарламада.

ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басшысы Қанат Нұрмағамбетовтің айутынша, Қазақстанда түрлі қылмыстық топтарды ұстауға, оларды болдырмауға және жолын кесу үшін нақты жұмыстар атқарылып жатыр.

«Бұл орталық жедел уәкіл қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді», - деді ол.

Ашылу салтанатынан соң, орталықта көші-қон бойынша Халықаралық ұйым миссиясы және Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының өкілдерінің қатысуымен «Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама