×

Алматы облысында жергілікті маңызы бар автожолды сел шайып кетті

Ұзындығы 300 метр жол төсемі опырылған

 Ая Өміртай 07.07.2023 | 15:48
фото: ашық дереккөз

Алматы облысының Кеген ауданында сел жүріп, жол опырылды, деп хабарлады Halyq Uni.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 6 шілдеде кешке қарай болған.

Сағат 18:35-те Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне Кеген ауданында жауған жаңбыр мен бұршақ салдарынан Саты ауылынан 2 шақырым жердегі Саты Сай шатқалында жергілікті маңызы бар автожолды су шайғаны туралы хабар түскен. Салдарынан жолдың негізіне зақым келген. Ұзындығы 300 метр жол төсемі опырылған. Дегенмен жолмен өтуге мүмкіндік бар. Жол қызметі ескерту белгілерін қойып, СМС-хабарлама таратты, - деп жазылған департаментінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.

Бұл аумақтан жоғарыда елді мекендер жоқ, халық тұрмайды. Зардап шеккендер жоқ. Жолдың опырылған бөлігін қалпына келтіру жұмыстары комиссия зерттеу жүргізгеннен кейін жүргізіледі. Оқиға орнына депаратменттің 3 қызметкері мен 1 техникасы, «Қазселден қорғау» мекемесінің 2 жұмысшысы мен 1 техникасы, әкімдіктің 3 жұмысшысы мен 1 техникасы шыққан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама