×

Шілдеде 7 өңірде құрғақшылық болады

«Қазгидромет» РМК шілдеде 7 өңірде құрғақшылық болатынын болжады

 Халық үні 05.07.2023 | 21:33
ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК шілдеде 7 өңірде құрғақшылық болатынын болжады.

Нақтыланған болжамға сәйкес шілдеде Қазақстанның басым аймағында ылғалдану жағдайлары көбінесе нормаға жуық болады деп күтілуде.

Синоптиктердің мәліметінше, Ақмола облысының Жарқайың ауданында, Қостанай облысы Жангелді ауданында, Ақтөбе облысының Әйтекеби, Ырғыз аудандарында, Қарағанды облысының Шет және Ақтоғай аудандарында,Түркістан облысының Қазығұрт, Шардара және Отырар аудандарында бірқалыпты құрғақшылық күтіледі.

«Қызылорда облысының Қармақшы ауданында және Қостанай облысының Амангелді ауданында қатты құрғақшылық болуы мүмкін», - делінген хабарламада.

Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында, Петропавл қаласында және Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданында бірқалыпты ылғалдылық болжанады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама