×

Экологиялық реттеу комитетінің жаңа төрағасы тағайындалды

Ол еңбек жолын кеңшарда механизатор болып бастаған

 Дәурен Ерболат 05.07.2023 | 17:42
Фото: jur24pro.ru

Экологиялық реттеу комитетінің төрағасы қызметін Жомарт Әлиев атқарады, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Жомарт Шияпұлы Әлиев Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Жомарт Әлиев 1969 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.

  • В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін бітірген;
  • Еңбек жолын 1985 жылы Көкшетау облысы Краснояр совхозында механизатор болып бастаған;
  • 1993-1999 жылдары – «Васильков ТКБК» комбинатының ашық тау-кен жұмыстары кеніші қиыршық тас өндіру учаскесінің шебері;
  • 1999-2002 жылдары – Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Геология және жер қойнауын қорғау комитетінің металлдар және көмірсутегі шикізаты бөлімдерінің бас маманы;
  • 2002-2005 жылдары – Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын қорғау комитеті «Орталыққазжерқойнауы» аумақтық басқармасының Жер қойнауын қорғау және пайдаланудың Павлодар аймақтық инспекциясының басшысы;
  • 2005-2009 жылдары Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрылымында әртүрлі қызметте еңбек етті;
  • 2009 жылы – Қорғаныс министрлігі Шарттық қызметті бақылау және мониторинг басқармасының бақылау бөлімінің басшысы;
  • 2009-2010 жылдары Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрылымында әртүрлі қызметте болды;
  • 2010-2012 жылдары – Мұнай және газ министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті Мемлекеттік бақылау және рұқсат беру басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы;
  • 2012-2014 жылдары – Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары;
  • 2014-2017 жылдары Энергетика министрлігінде басшылық қызметтерді атқарды;
  • 2017-2022 жылдары – «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)» АҚ-да қоршаған ортаны қорғау бойынша маман;
  • 2023 жылғы маусымнан бастап осы уақытқа дейін Экология және табиғи ресурстар министрінің кеңесшісі болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама