×

Елімізде 3 млн-ға жуық бала жазғы демалыс және сауықтырумен қамтылды

Оның ішінде жекелеген санаттағы 500 мың оқушы бар

 Динара Амантай 05.07.2023 | 15:06
Фото: smi24.kz

Елімізде 3 млн-ға жуық бала жазғы демалыс және сауықтырумен қамтылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биыл еліміздегі 1-10 сынып оқушыларының 85%-дан астамы жазғы лагерлерде демалып, сауықтыру шараларын қабылдаған. Бұл – 2 млн 800 мың бала. Оның ішінде жекелеген санаттағы 500 мың оқушы бар. Олар – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көпбалалы отбасының балалары, экологиялық қолайсыз аудандарда тұратын ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен оқу үздіктері.

Елімізде 218 қала сыртындағы, 10 мыңнан аса мектеп жанындағы бейінді және шатырлы лагерьлер балаларды қабылдады.

Сонымен қатар 1,5 млн-ға жуық оқушы жазғы уақытын тиімді пайдалану үшін елімізде 11 мыңнан аса арнайы ғылыми-техникалық, музыкалық, көркемдік, экологиялық, туристік және басқа да бағыттардың үйірмелері мен секциялары жұмыс істейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама