×

Қазақстандық такси жүргізушілері бірден көп ақша тапқысы келеді – шетелдік

Олар мемлекеттің беделін түсіруі мүмкін

 Дәурен Ерболат 05.07.2023 | 12:42
Фото: zakon.kz

Steppe Global Education жетекшісі, сарапшы Джоел Эриксон Astana LTR жобасына қатысты пікір білдіріп, Қазақстандағы кейбір такси жүргізушілерінің шетелдік қонақтан көп ақша алғысы келіп тұратынын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның пікірінше, Astana LTR жобасын іске қосу өте маңызды.

Шынымды айтсам, Қазақстандағы такси жүргізушілері адал емес. Олар (шетелдік қонақтан) өте көп ақша алғысы келеді. Олар мені көріп, шетелдік екенімді түсінді. Бірақ мен айламды асырып, Yandex.Taxi қызметін пайдаландым. Мобильді қосымша маған көмектесті. Көптеген турист мұны білмейді. Оларда бұл қосымша жоқ, - деді Джоел Эриксон елордада өтіп жатқан Астананың бауырлас қалалар форумының кулуарында.  

Сарапшы Қазақстанға өзінің отандық өнімі керектігін атап өтті.

«Сіздерге неге отандық Yandex жоқ? Оның болғаны жақсы. Егер сіздерде отандық осыған ұқсас өнім болса, ақшаның бір бөлігі Ресейге жіберілмейді, осында қалады. Сіздер электр таксиге инвестиция құя аласыздар. Оған бензин керек емес. Мен Алматыға алғаш рет барғанда олар (такси жүргізушілері – автор) менен әуежайдан орталыққа дейін 60 мың теңге алғысы келді. Әрине, мен төлемедім. Бірақ, бұл дұрыс емес еді», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама