×

Павлодар облысындағы Ленин кентінің атауы енді қазақшаланбақ

Барлық құжат облыстық ономастикалық комиссия қарауына ұсынылады

 Дәурен Ерболат 04.07.2023 | 17:59
Фото: baigenews.kz

Павлодар облысында Ленин кентінің атауы Атамекен болып өзгеруі мүмкін. Бұл туралы қалалық мәслихаттың сессиясында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Нұрғамисова айтты, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Оның айутынша, биыл Ленин кенті тұрғындарының кенттің атауын өзгерту туралы көптеген өтініші қаралды.

Түскен өтініштердің негізінде жалпы 4 атау қаралды: Атамекен, Бидайық, Жетінші ауыл, Қазанғап би. Нәтижесінде жергілікті қоғамдастықтың 49 мүшесі Қазанғап би және Атамекен деген екі атаудың ішінен дауыс беру арқылы Ленин кентін Атамекен кенті деп қайта атауды қолдады. 41 адам қалыс қалды, – деді Айгүл Нұрғамисова.

Былтыр сәуірде Павлодар қаласына қарасты Ленин, Кенжекөл, Павлодар, Мойылды ауылдарының идеологиялық тұрғыдан ескірген 61 көшесінің атауын өзгерту бойынша елді мекендерде жиналыстар өткізілген.

Нәтижесінде Мойылды ауылында – 1, Кенжекөл ауылында – 10, Ленин кентінде – 11, Павлодар ауылында 34 көшенің атауын өзгерту бойынша ұсыныс ауыл тұрғындары тарапынан қолдау тауып, хаттама қабылданған. Биыл тиісті құжаттар облыстық ономастикалық комиссияның қарауына ұсынылады. 61 көше бойынша ұсыныстар қабылданса, көшелер ұлттық санаға жақын атауға ие болады, – деді бөлім басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама