×

Еліміздегі киік санын реттеудің ғылыми негіздемесі дайындалып жатыр

Халықаралық сарапшылар тиісті ұсынымдарын берді

 Еркеғали Болатұлы 04.07.2023 | 13:28
фото: ашық дереккөз

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова киік популяциясын реттеу мәселесі бойынша шешімнің қашан қабылданатынын айтты.

Мамыр айының соңында бізге халықаралық сарапшылар келді. Олар Бетпақдала және Орал популяциясын тексерді, олардың жағдайын қарады, тиісті ұсынымдарын берді. Сол рекомендациялардың негізінде ғылыми зерттеу институттары тиісті ғылыми негіздеме дайындап жатыр. Осы негіздеме аясында бұдан әрі киік полпуляциясын тұрақты пайдалану бойынша шешім қабылдаймыз, - деді министр.

Оның айтуынша, киік популяциясынан шығын көрген шаруаларға өтемақы төлеу мәселесі де осы негіздеме аясында реттелмек.

Біздің жобалауымызша, шілденің соңы, тамыздың басында ғылыми негіздемені ғылыми институттар енгізуі керек, - деді Зүлфия Сүлейменова.

Өйткені қазір БҚО-ның оңтүстік аудандарындағы шаруалар киіктің «шектен тыс көбейіп кетуінен» төтенше жағдай енгізуді сұрап отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама