×

Алматыда Елорда күні қалай тойланады

Қалада бірқатар мерекелік шаралар ұйымдастырылады

 Динара Амантай 04.07.2023 | 12:56
Фото: aikyn.kz

Алматыда Астана күніне орай бірқатар мерекелік іс-шара ұйымдастырылады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

6 шілдеде Абай алаңында сағат 20:00-де Астананың 25 жылдығына арналған мерекелік концерт өтеді. Сахнада Луина, Ziruza, Akim, Kyle Ruh, Bonapart, C.C.Tay, Malika Yes, Aya Funk, Rin'Go, «Жігіттер», «Бақай» тобы және т.б. өнер көрсетеді.

Елорда күнін тойлау аясында қалада флешмобтар, дөңгелек үстелдер, көрмелер, дәрістер, экспозициялар мен поэзия кештері өтеді.

4 шілдеде сағат 19:00-де Ықылас атындағы музыкалық аспаптар мұражайында «Made in KZ» тобының қатысуымен «Асқақтай бер, Астана!» концерті болады.

5 шілдеде сағат 14:00-де Alatau Creative Hub-та «Жарқырап, жайнай бер, Астана!» кітап көрмесі мен балаларға арналған зияткерлік ойын өтеді.

Бұған қоса, мерекелік іс-шаралар қаладағы 7 ауданды түгел қамтиды:

- Наурызбай ауданында 5 шілдеде сағат 11:00-де Шұғыла ш/а., 347/4 мекенжайында орналасқан Инновациялық шығармашылық орталығында мерекелік концерт өтеді;

 - Алатау ауданында 5 шілдеде сағат 17:00-де Нұркент ш/а., 5/2 мекенжайында орналасқан Атлетикалық ауылда концерт ұйымдастырылады;

- Түрксіб ауданында елорда күніне орай эстрада жұлдыздары мен көркемөнер ұжымдарының қатысуымен 5 шілдеде сағат 18:00-де Сауранбаев көшесіндегі Арбатта мерекелік іс-шара өтеді. Сағат 20:30-да ашық аспан астындағы фильм көрсетіледі;

- Әуезов ауданында 6 шілдеде сағат 11:00-де «Family» саябағында Астана күнін тойлауға арналған мерекелік концерт өтеді;

- Медеу ауданында елорда күніне орай шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерт 6 шілдеде сағат 11:00-де Гоголь көшесі, 1 мекенжайындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында өтеді;

- Алмалы ауданында Астана күніне арналған мерекелік концерт 6 шілдеде сағат 17:00-де «MEGA Park» СОО аумағында өтеді;

- Бостандық ауданында мерекелік концерт 6 шілдеде сағат 18:00-де Mega Center Alma-Ata СОО амфитеатрында өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама