×

АШМ Қостанай облысында шегірткеден зардап шеккен егістіктерге қатысты ақпаратты жоққа шығарды

500 гектардан аспайтын арпа егістігіне залал келген

 Динара Амантай 03.07.2023 | 16:55
фото: АШМ баспасөз қызметі

Қостанай облысындағы 10 мың гектар егіс алқабының шегірткеден зардап шеккені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы өңірдегі АӨК мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қаныш Әлиев мәлімдеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Фермерлердің айтуынша, 500 гектардан аспайтын арпа егістігіне залал келген. Сондай-ақ Қаныш Әлиев аудандарда егістіктерді химиялық өңдеу жүргізіліп жатқанын, бүгінде 257,2 мың гектардың немесе жоспарланған алаңның 66,4%-ының жұмыстары аяқталғанын алға тартты.

Шегірткелерге қарсы күресте 31 арнайы техника, оның ішінде 9 желдету бүріккіші, 13 аэрозольді газ генераторы, 6 аса жеңіл авиациялық кеме және 3 жеңіл ұшақ жұмылдырылған. Осы сағатқа дейін өңдеу Жангелдин ауданының «Алмас» шаруа қожалығының аумағында жүргізіледі, – делінген министрлік хабарламасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қостанай облысының шаруалары екі аудандағы егістікті шегіртке жеп жатқанына шағымданғанын хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама