×

Қостанай облысында киік таптаған егінді енді шегіртке отап жатыр (ВИДЕО)

Олар шабындықтағы шөпке де түскен

 Еркеғали Болатұлы 02.07.2023 | 15:43
фото: ашық дереккөз

Қостанай облысының оңтүстіктегі екі ауданында егістікті шегіртке жеп жатыр. Ондағы шаруалардың сағы сынып, мемлекет көмегіне деген үміті де өшкен.

Биыл бізде егін жинау қиын. Себептердің біріншісі – 10 мың гектарға жуық жерді таптап кеткен киіктердің проблемасы. Ал қазір шегіртке. Биыл 10 500 гектар жерді алып тастадық, қалғанын шегіртке жеп қойды. Бұл мәселеде бізге ешкім көмектеспейді, әртүрлі органдарға жүгіндік. Кеше бір бөлімше келді, оның өзінде қажетті химиялық заттары мен ұшақта жанармай жоқ.

Киіктен қорғанып, шөп шаба алмадық, енді оны да шегіртке жеді. Қыста малға не беретінімізді білмейміз. Шаруашылығымызда 200 бас мал бар, оны не істеуіміз керек? Бұл мәселені қайда шешуге болатынын білмеймін», - дейді жергілікті шаруа қожалығының басшысы.

Әлеуметтік желілерде тұрғындар егістіктен түсірілген кадрларды жариялап жатыр. Халық қоғам мен жергілікті биліктен жауап күтеді.

«Көлік жүргізу мүмкін емес! Бұл – сұмдық, тіпті аударылып кетуің мүмкін», - дейді кадрдағы адамдар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама