×

Қажылардың алғашқы легі елге оралды

Биыл 4 мың қазақстандық қажылық парызын өтеді

 Дастан Жұмабекұлы 03.07.2023 | 11:06
фото: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

Мекке қаласында қажылық рәсімдерін аяқтаған қазақстандық қажылардың алғашқы легі елге оралды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлының айтуынша, Жидда – Алматы бағыты бойынша тікелей рейспен ұшқан 430 отандасымызды Қажылық миссиясы төрағасының орынбасары Ершат Оңғар шығарып салған болатын.

Бүгін қажыларымыздың кейбір бөлігі қасиетті Мәдина қаласына бара жатыр. Олар ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мешітіне зиярат етіп, Мәдина халықаралық әуежайынан ұшады, – деді ол.

Биыл 4 мың қазақстандық қажылық парызын өтеді. Бас мүфти бастаған қажылық миссиясы Мекке қаласында ашылған жұмыс кеңсесінде 5 бағыт, яғни уағыз-насихат, алғашқы медициналық көмек, ұйымдастыру-үйлестіру, пәтуа беру, ақпарат тарату бойынша жұмыс істеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама