×

Дәурен Абаев жаңа қызметке тағайындалды

Ол бұрын Мәдениет және спорт министрлігін басқарған

 Дәурен Ерболат 03.07.2023 | 09:02
Фото: akorda.kz

Президенттің Жарлығымен Дәурен Абаев Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Әскербекұлы Абаев Қазақстанның Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды, – деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін Дәурен Абаев ТМД Бас хатшысының орынбасары қызметін атқарған.

Айта кетейік, ол 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

  • 2001 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірді.
  • 2006 жылы Нидерландыдағы Лейден университетін тәмамдады.
  • 2014 жылы Еуразиялық гуманитарлық институттың дипломын алды.
  • Еңбек жолын 2001 жылғы тамызда Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында бастады.
  • Кейін төрт жыл Қазақстанның Әзербайжандағы және Нидерландыдағы елшіліктерінде дипломаттық қызметте болды.
  • 2007 жылғы мамырдан желтоқсанға дейін Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі бөлімінің басшысы болған.
  • 2013 жылғы шілдеде Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы әрі кеңесшісі болды.
  • 2016 жылғы мамырда Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің басшылығына келіп, 2019 жылғы 25 ақпанда Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды.
  • 2022 жылғы 14 қаңтарда Мәдениет және спорт министрі болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама