×

Дәурен Абаев ТМД Бас хатшысының орынбасары болып тағайындалды

Экс-министр жаңа қызметіне 7 наурыздан бастап кіріседі

 Халық үні 02.03.2023 | 16:00
Фото: gov.kz

Дәурен Абаев ТМД Бас хатшысының орынбасары болып тағайындалды.

Ақпаратты ТМД атқару комитетінің баспасөз қызметі Tengrinews.kz сайтына растады.

«Қазақстанның сыртқы істер министрлігінен Бекетжан Жұмахановтың орнына Дәурен Абаев келетіні туралы тиісті нота алдық. Ол ТМД Бас хатшысының орынбасары қызметін атқарады. 7 наурызда қызметке кіріседі деп жоспарланған. Оның тәжірибесі ТМД-ның атқару комитетінде сұранысқа ие болады деп сенеміз», - деп жауап берген атқару комитеті.

ДӘУРЕН АБАЕВТЫҢ ӨМІРБАЯНЫ

Дәурен Әскербекұлы Абаев 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келді. 

2001 жылы Дәурен Абаев әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін қызыл дипломмен бітірді. 2006 жылы Нидерландыдағы Лейден университетін тәмәмдаған. 2014 жылы Еуразиялық гуманитарлық институттың дипломын алды.

Дәурен Абаев еңбек жолын 2001 жылдың тамыз айында Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында бастады. Кейін төрт жыл Қазақстанның Әзербайжандағы және Нидерландыдағы елшіліктерінде дипломаттық қызметте болды. 2007 жылдың мамырынан желтоқсанына дейін сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі бөлімінің басшысы болған.

2013 жылдың шілде айында Дәурен Абаев Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы әрі кеңесшісі болып тағайындалды. 2016 жылдың мамыр айында Дәурен Абаев Қазақстанның ақпарат және коммуникациялар министрлігінің басшылығына келіп, 2019 жылдың 25 ақпанында Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды.

Одан кейінгі жылдары мәдениет және спорт министрі қызметін атқарды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама