×

Мбаппенің қай клубқа ауысатыны туралы тағы бір дерек шықты

Жаңа клуб оған 25-тен 30 млн еуромен қоса, қомақты бонус төлемек

 Дастан Жұмабекұлы 01.07.2023 | 14:55
фото: ашық дереккөз

Килиан Мбаппенің трансферіне қатысты жаңа ақпарат шықты.

Келесі аптада Францияның ПСЖ командасының шабуылшысы Мадридтің «Реал» клубына ауысатын болып шешілді.

Журналист Франсуа Галлардоның хабарлауынша, 24 жастағы футболшының трансферіне қатысты мәселе шешілген. Бірақ трансфердің сомасы әзірше белгісіз болып отыр. 

Мбаппе 2017 жылдан бері «Пари Сен-Жермен» клубында ойнап келеді. Оны ПСЖ «Монако» клубынан жалға алып, кейін 180 млн еуроға сатып алған болатын.

Мбаппе ПСЖ-мен келісімшарт бойынша 150 млн еуро алды. Соның 90 млн еуросын бонус ретінде алып отырды. Енді шабуылшы «Реалға» ауысатын болса, испандық клуб оған 25-тен 30 млн еуромен қоса, қомақты бонус төлеуге дайын отыр.

Егер трансфер қыста жасалса, онда Мбаппенің бонусы 100-ден 120 млн еуроға дейін өседі. Ал трансфердің өзі 250 млн еуроға дейін барады деген дерек бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама