×

Кишинев әуежайында адамдарды атып өлтірген шетел азаматы ұсталды (ВИДЕО)

Оған Молдоваға кіруге рұқсат берілмеген

 Дастан Жұмабекұлы 01.07.2023 | 10:43
фото: rupor.md

Молдованың астанасы – Кишинев қаласының әуежайындағы шекарашы мен аэропорттың қауіпсіздік қызметінің қызметкерін атып тастаған шетел азаматы ұсталды. Осы атыстан тағы бір адам зардап шекті.

Interfax.ru-дың хабарлауынша, әуежайдағы атысты Молдоваға кіруге рұқсат берілмеген 43 жастағы Тәжікстан және Ресейдің азаматтығын алған Руслан Ашуров есімді адам шығарған. Ол Түркиядан келген болып шықты.

Ол жарақат алғаннан кейін қолға түскен. Ер адам әуежай ғимаратында кері қайтарылу үшін ұсталып тұрған кезінде шекарашылардың бірінің тапаншасын суырып алып, екі адамды атып тастаған, – делінген хабарламада.

Арнайы қызмет Кишиневте атыс шығарған адамды ұстап, залалсыздандырды. Оның үстінен лаңкестік әрекет жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Осы оқиғаға байланысты Кишинев әуежайына Молдова Ішкі істер министрлігінің бүкіл басшылығы келді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама