×

Петропавл қаласының әкімі тағайындалды

Ол Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданының әкімі болып еңбек етті

 Дастан Жұмабекұлы 01.07.2023 | 10:16
фото: gov.kz

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Серік Мұхамедиев Петропавл қаласының әкімі болып тағайындалды.

Серік Мұхамедиев 1965 жылы Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданында туған.

1989 жылы инженер мамандығы бойынша Өскемен құрылыс-жол институтын бітірген. Сол жылы еңбек жолын Алматыдағы 2 562 автоколонна пайдалану бөлімінің бастығы болып бастаған. Одан кейін «АВТО холдинг компаниясы» ЖШС-ның экономист, коммерция жөніндегі орынбасары, сауда-коммерция бөлімінің бастығы, директоры болып қызмет еткен.

Әр жылдары «AJ Trade» ЖШС-ның директоры, «Достар плюс компаниясы» ЖШС-ның және «Dega Plus» ЖШС-ның қаржы директоры болып жұмыс істеген.

2010 жылдың шілде мен 2016 жылдың наурыз айлары аралығында жоспарлау-сметалық және шарттық жұмыс бөлімінің бас маманы, жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру бөлімінің басшысы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары болды.

2016 жылдың наурызы мен 2021 жылдың қазаны аралығында Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы қызметін атқарды. Одан кейін Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданының әкімі болып еңбек етті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама