×

Балқашта тұрғын үйдің үстіне құрылыс краны құлады

Құрылыс жүгін көтеру кезінде кранның табанының астындағы топырақ сусып кеткен

 Халық үні 01.07.2023 | 07:34
фото: ашық дереккөзден

 Балқашта тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде құрылыс краны құлады. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Балқаш қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Оқиға кеше сағат 14.00-де Ағыбай батыр көшесінде болды. Тұрғын үйдің шатырын жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанда құрылыс краны бір жағына қисайып, құлаған. Жергілікті әкімдік мәлімдегендей, құрылыс жүгін көтеру кезінде кранның табанының астындағы топырақ сусып кеткен.

«РимСтройСервис» ЖШС мердігерлік ұйымы Ағыбай батыр көшесі 18 мекенжайы бойынша орналасқан көппәтерлі тұрғын үйдің шатырына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде. 2023 жылғы 30 маусымда шамамен сағат 14:00-де профильді парақтарды осы үйдің төбесіне кранмен көтерген кезде, ауыр техниканың оң жақ артқы аутригері жылу трассасы науасының еден плитасын сындырған. Сағат 16:40-та кран қайта іске қосылды. Мердігер ұйым қысқа мерзімде зақымданған плитаны қалпына келтіреді», - делінген хабарламада. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама