×

Атырауда 38 жастағы ер адам әкесін ұрып өлтірді

Қазір тергеу жүріп жатыр

 Халық үні 29.06.2023 | 21:54
фото: ашық дереккөзден

Атырау облысының тұрғыны әкесін ұрып өлтірді. Оқиға Индер ауданындағы Есбол ауылында болған, деп хабарлады Аstana арнасы. 

Телеарнаның хабарлауынша, отбасылық жанжал неден туындағаны әзірге белгісіз. Қазір тергеу жүріп жатыр. Белгілісі, 38 жастағы күдікті ата-анасынан бөлек, қалада тұрған. Ал марқұм зейнет жасына қармастан вахталық әдіспен жұмыс істеп жүрген. Қазір күдікті тергеу изоляторында.

Индер ауданындағы адам өліміне қатысты  ҚК 106-бабы 3-бөліімен адамға қасақана дене жарақатын салудан адам өліміне әкелген қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот медицианлық сараптамасы тағайындалды. Қазіргі таңда күдікті мен жәбірленушінің бір-біріне туысқандық қарым-қатынасы, әкесі мен баласы болып келетіндігі анықталып отыр, –  деді облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама