×

Петропавлда үйдің жертөлесінен 1 центнерден астам марихуана тәркіленді

Есірткі сатқан адам 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады

 Дастан Жұмабекұлы 29.06.2023 | 13:24
фото: polisia.kz

Петропавл қаласында тұрғын үйдің жертөлесінен салмағы 1 центнерден асатын марихуана тәркіленді.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Петропавл қаласының 36 және 48 жастағы тұрғындарын ұстаған. Олардың біреуінің Гоголь көшесіндегі үйінің жертөлесінен 4 қап өсімдік тектес зат тәркіленді.

Сараптама көрсеткендей, ол жалпы салмағы 113 келіден асатын кептірілген марихуана болып шықты. Осыған байланысты аса ірі мөлшерде есірткі сақтады деген күдікпен күдіктілердің бірі қамауға алынды.

СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзидидің айтуынша, бұл – облыста жыл басынан бері тәркіленген марихуананың екінші аса ірі партиясы. Есірткі сатқаны үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Еске сала кетсек, жыл басынан бері бұл өңірде 600 келіден аса түрлі есірткі, оның ішінде 1 келіден асатын синтетикалық есірткі тәркіленген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама