×

Президент Қорғаныс министрінің жаңа орынбасарын тағайындады

Бақытбек Сыдықов Қазақстан Қарулы Күштері қару-жарағының бастығы болып қызмет етті

 Дастан Жұмабекұлы 29.06.2023 | 12:12
фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысының өкімімен Бақытбек Сапарбекұлы Сыдықов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Айта кетсек, ол биыл 5 мамырда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен генерал-майор атағын алған болатын.

Бақытбек Сыдықов 2022 жылы сәуір айында Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың бұйрығымен Қазақстан Қарулы Күштері қару-жарағының бастығы лауазымына тағайындалған.

Сонымен бірге бүгін мемлекет басшысының өкімімен Руслан Нұртөлеуұлы Шпекбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама