×

Астанада көлік қатты жылдамдықпен LRT бағанына соғылды (ВИДЕО)

Жантүршігерлік жол апаты таң атысымен болған

 Дастан Жұмабекұлы 29.06.2023 | 11:53
фото: ашық дереккөз

Астана қаласында бүгін таңертең сағат шамамен 06:00-ден кеткенде жантүршігерлік жол апаты болды.

43 жастағы ер адам Chevrolet Malibu көлігімен Сығанақ көшесімен жүріп, Шәмші Қалдаяқов көшесіне баратын жолдағы «Арыс» көпірінде LRT бағанына соғылып, қаза тапты.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Кейбір дерекке қарағанда, көлік жүргізушісі қала әкімдігінің қызметкері болған.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама