×

Астана – Уфа бағыты бойынша тұрақты рейстер қайта ашылады

Тасымалдау аптасына 2 рейс жиілігімен орындалатын болады

 Динара Амантай 29.06.2023 | 09:45
Фото: newsroom.kz

Астана – Уфа бағыты бойынша тұрақты рейстер қайта ашылады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс шеңберінде ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Қазақстан мен Башқұртстан арасындағы әуе қатынасын кеңейту мәселесін пысықтады. Осылайша, «Red Wings» әуе компаниясы биыл 25 шілдеден бастап Астана – Уфа бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастайды. Тасымалдау «Sukhoi Superjet-95» типті әуе кемелерінде сейсенбі және жұма күндері, яғни аптасына 2 рейс жиілігімен орындалатын болады.

 Әуе қатынасын жаңғырту елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама