×

«Қан бұрқылдамайды, бұл тек су»: марқұм Владимир Седовтың желіде соңғы жазбасы жарияланды

Спортшының сторизте жариялаған соңғы жазбасы жарияланды

 Халық үні 27.06.2023 | 23:11
Фото: wfrk.kz.

Бүгін 35 жастағы зілтемірші Владимир Седовтың қайтыс болғаны расталды. Спортшының сторизте жариялаған соңғы жазбасы жарияланды, деп жазады nur.kz.

Владимир Седов әлеуметтік желіні белсенді жүргізбеген. Десе де, ол соңғы кездері Instagram-ға түрлі фотолар бөлісіп отырған. Мәселен, ол балаларды қорғау күніне орай өткен іс-шараға қатысқан. Сондай-ақ Түркістанға саяхат жасап, Қожа-Ахмет Яссауи кесенсінің қасында суретке түскен. Ауыр атлет өзінің 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында өнер көрсеткен кездерін желіге жариялаған.

Сонымен қатар 2009 жылы Оңтүстік Кореяның Гоянг қаласында өткен әлем чемпионатындағы сәттерін бөліскен. Сол жылы Седов әлем чемпионы атанған болатын.

Ал соңғы сторизінде ол 18 жастағы NЮ есімді музыканттың әнінен үзінді келтірген.

«Мен өзгердім, мені танымай қаласыз. Қан бұрқылдамайды, бұл тек су. Жаңа өмір сен мені түсінесің бе», - деп жазды Седов.

Алайда IWF спортшыны 8 жылға спорттан шеттетті. Седовтың допинг сынамасынан станазалол табылған еді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама