×

БАҚ саласындағы Президент грантының иегерлері анықталды

Марапатқа ие болғандардың арасында тәуелсіз және мемлекеттік БАҚ өкілдері бар

 Дәурен Ерболат 27.06.2023 | 13:35
Фото: Telegram/Aqorda

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдарына гранттар тағайындап, алғысын жариялады, деп хабарлады Ақорда.

2023 жылғы 27 маусым

1. Елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету ісіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының елеулі рөлін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық комиссияның ұсынымын қарай келіп:

Қазақстан Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары:

  • Әлімжанова Ирина Советжанқызына – «31 арна» телеарнасының тілшісі, Қазақстан телевизиясын дамытуға үлес қосқаны үшін;
  • Балажан Абайға – «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы, өңірлік журналистиканың дамуына үлес қосқаны үшін;
  • Вологодская Галина Юрьевнаға – «Казахстанская правда» газетінің тілшісі, отандық БАҚ саласын дамытуға үлес қосқаны үшін берілсін.

Қазақстан Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттары:

  • Астахов Илья Дмитриевичке – Orda.kz ақпарат порталының тілшісі, интернет кеңістігінде ақпарат тарату ісін дамытуға үлес қосқаны үшін;
  • Балтабаев Әділ Серікұлына – «Хабар 24» телеарнасының тілшісі, Мемлекет басшысының қызметін жан-жақты жариялап, көрсеткені үшін;
  • Дүйсенғұлова Рабиға Табиғатқызына – Tengrinews.kz ақпарат порталының тілшісі, интернет кеңістігінде ақпарат тарату ісін дамытуға үлес қосқаны үшін;
  • Омаш Саламатқа – Qazaqstan телеарнасы ақпараттық-сараптамалық дирекциясы директорының орынбасары, отандық тележурналистиканың дамуына үлес қосқаны үшін тапсырылсын;

Қазақстан Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысы:

  • «Время» газетінің шығармашылық ұжымына – баспа бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға үлес қосқаны үшін;
  • «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС-ның шығармашылық ұжымына – өңірдегі қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық салалардың дамуын ақпараттық тұрғыда қамтамасыз етуге үлес қосқаны үшін;
  • Kaztag ақпарат порталының шығармашылық ұжымына – қоғамдағы өзекті мәселелерді ақпараттық-сараптамалық тұрғыда сипаттап көрсеткені үшін;
  • TDK-42 телеарнасының шығармашылық ұжымына – өңірлік журналистиканың дамуына үлес қосқаны үшін жариялансын.

 2. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомар Тоқаев.

 Астана, Ақорда, 2023 жылғы 27 маусым

Серіктес жаңалықтары

Сараптама