×

«Коллона Мәскеуге қарай бағыт алды»: Пригожин тағы да мәлімдеме жасады

Ешқандай агрессия көрсетпесек те, бізге зымыранмен соққы берілді, дейді ол

 Халық үні 26.06.2023 | 22:48
фото: видеодан скриншот

Ростовтағы оқиғалардан кейін төбе көрсеткен «Вагнердің» негізін қалаушы Евгений Пригожин өзінің жеке әскери компаниясын таратқысы келгенін, осы жайт бүлікке түрткі болғанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Евгений Пригожиннің баспасөз қызметі «Вагнер» ЖӘК басшысының «болған оқиғаларға қатысты» берген түсініктемесінің аудиосын жариялады.

Бұл Пригожиннің бүлік басылғаннан кейінгі жасаған алғашқы мәлімдемесі:

«Вагнер» ЖӘК - Ресейдегі ең тәжірибелі бөлімше, ол даурықпа, алып-қашпа сөздерге байланысты 1 шілдеде тарауы керек болатын. Командирлер кеңесі ақпаратты жауынгерлерге жеткізді, ешкім Қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отыруға келіспеді. 

Қорғаныс министрлігі қатарына өткен жауынгерлер саны аз, шамамен – 2%.

Ешқандай агрессия көрсетпесек те, бізге зымыранмен соққы берілді. 30 адам қаза тапты. Кейбіреулері жарақат алды. Осы жайт шалт қимыл жасап, алға жылжуымызға түрткі болды. 

Коллонаның бірі Ростовқа, екіншісі Мәскеуге қарай бағыт алды. Жолдағы сарбаздардың бір де біріне ешкім тиіспеді. Біз авиацияға соққы беруге мәжбүр болғанымызға өкініш білдіреміз, бірақ олар бізге бомба тастады.

Жасақтың жылжудағы мақсаты Украинадағы қақтығыс кезінде қателік жіберген адамдарды жауапқа тарту болды. Мұны халық пен әскери қызметкерлер талап етті.

Біздің Әділеттілік шеруі бүкіл ел бойынша қауіпсіздіктің маңызды мәселелерінің бетін ашып берді.

Пригожиннің айтуынша,«мұны қоғам талап етті. Шеру кезінде кездескен барлық әскери қызметші бізді қолдады».

ЖӘК басшысы бірінші шабуылдаушы жасақ Мәскеуге 200 шақырым қалғанда вагнершілердің кілт тоқтағанын баса атап өтті. Осы кезде олар аталған аймаққа барлау жүргізіп, көп қан төгілетінін білген. 

Осы уақытта Лукашенко байланысқа шығып, «Вагнер» ЖӘК-тің одан ары қарай заңды жұмыс істеу жолын табуды ұсынған.

«Біз 24 сағат ішінде 2022 жылы 24 ақпанда Ресей әскерінің Киевке дейінгі және сол нүктеден қалаға дейінгі қашықтыққа сәйкес келетін қашықтықты жүріп өттік, сондықтан егер 2022 жылы 24 ақпандағы арнайы операция бойынша ұрыс-қимылдарды «Вагнер» ЖӘК қатарындағыдай оқытылған, моральдық дайындық деңгейі жоғары бөлімше орындаса, онда, мүмкін бұл бір күнге ғана созылар ма еді», деді Евгений Пригожин. 

Ол жолға елдегі билікті құлату үшін шықпағанын баса атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама