×

Ақтөбе қаласының жаңа әкімі тағайындалды

Ол бұрын Хромтау ауданын басқарған

 Дәурен Ерболат 26.06.2023 | 16:51
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақтөбе қаласының әкімі лауазымына Азамат Бекет тағайындалды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Президент әкімшілігінің және қалалық мәслихаттың келісімімен Азамат Бекет Ақтөбе қаласының әкімі лауазымына тағайындалды, - деп жазылған хабарламада.

  • Ол – Қазақ гуманитарлық-заң университетінің, Экономика және құқық академиясының түлегі.
  • 2016-2018 жылдары Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған;
  • 2018-2020 жылдары Атырау облысы Жылыой ауданының әкімі болған;
  • 2020-2021 жылдары Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды;
  • 2021 жылғы ақпаннан бастап Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімі болып еңбек етті.

Айта кетейік, Азамат Бекет бокспен шұғылданған. Ол 1997-1999 жылдары жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионы болды. 1999-2001 жылдары жастар арасында Қазақстан чемпионы болды. Түрлі халықаралық турнирлерде Қазақстан құрамасының намысын қорғаған әрі қаржы полициясының капитаны шені бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама