×

«Пәтер ашық, барлық жер қан». Қарағандыда 4-қабаттан құлаған қызға қатысты тың дерек шықты

Бұл дерек полицияда тіркелген

 Халық үні 25.06.2023 | 21:34
Фото: Sputnik / Владислав Воднев

 

Қарағандыда 4-қабаттағы балконнан құлаған 25 жастағы қыз жансақтау бөлімінде жатыр.

Оқиға бүгін, яғни 25 маусымда Гоголь көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған.

Оқиға туралы әлеуметтік желі қолданушылары жазды. Кейін әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видео жжарияланды.

«Әйел айқайды естіп, көшеге жүгіріп шыққан. Онда жігіттер болған, олар қашып кеткен. Мүмкін өзі құламай, итеріп жіберген шығар. Пәтер ашық тұр, барлық жерде қан бар», - делінген әлеуметтік желідегі хабарламада.

Денсаулық сақтау басқармасы оның жағдайы туралы түсінік берді.

Науқастың миына зақым келген. Ол жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бұл дерек полицияда тіркелген. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама