×

Қазақстан мұнайы Әзербайжан арқылы тасымалданады

Кең ауқымды мемлекетаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

 Динара Амантай 23.06.2023 | 12:04
Фото: investopedia.com

Қазақстан мұнайы Әзербайжан арқылы тасымалданатын болып келісілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Премьер-министр Әлихан Смайылов Бакуге ресми сапарыда Әзербайжан премьер-министрі Әли Асадовпен кең ауқымды мемлекетаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Қазақстан үшін бауырлас ел болып табылатын Әзербайжан – еліміздің Оңтүстік Кавказ өңіріндегі негізгі әріптесі. Бүгінде екіжақты және көпжақты форматтағы қарым-қатынас стратегиялық әріптестік пен одақтастық қағидаттары негізінде дамытып отыр.

Қазақстан Үкіметі жоғары деңгейде алға қойылған міндеттерді іске асыру бойынша бірлескен жұмысты белсенді түрде жалғастыруға ниетті. Атап айтқанда, Қазақстан өзара сауда көлемін 1 млрд долларға дейін жеткізу үшін жақын арада Әзербайжанға 300 млн-нан астам долларға  100 тауар позициясы бойынша өз тауарларын жеткізуді ұлғайтуға дайын, — деді Әлихан Смайылов.

Екі ел көлік-логистика саласында да өзара белсенді әрекет етіп жатыр. Бұл ретте Транскаспий халықаралық көлік бағытының әлеуетін толыққанды пайдаланудың маңызы зор. Өйткені, осы бағыт бойынша тасымалданған жүк көлемі жыл басынан бері 1 млн тоннадан асып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 64%-ға ұлғайды.

Қазақстан мен Әзербайжан Үкімет басшыларының келіссөздері нәтижесінде қол қойылған құжаттар тізімі:

  • «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ мен «Әзербайжан темір жолдары» ЖАҚ арасында бірлескен кәсіпорын құру және оның қызметінің негізгі қағидаттары туралы келісім;
  • «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ мен Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік мұнай компаниясы арасындағы Қазақстан мұнайын Әзербайжан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау бойынша стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандум;
  • Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі мен Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік туризм агенттігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік жөніндегі меморандум;
  • Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі мен Әзербайжан Республикасының Жастар және спорт министрлігі арасындағы спорт саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік жөніндегі меморандум;
  • Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі мен Әзербайжан Республикасының Мәдениет министрлігі арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік жөніндегі меморандум;
  • 2005 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Әзербайжан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арасындағы 2023-2024 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары;
  • Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрілігі мен Әзербайжан Республикасының Цифрлық даму және көлік министрлігінің арасындағы кездесу хаттамасы;
  • Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Әзербайжан Республикасының Цифрлық даму және көлік министрлігі арасындағы көліктік өзара іс-қимылды кеңейту және Орта дәлізді цифрландыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
  • Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Әзербайжан Республикасының Экономика министрлігі арасындағы кемелер мен теміржол локомотивтерін жеткізудегі ынтымақтастық туралы меморандум;
  • «Қазақтелеком» АҚ мен «Азертелеком» ЖШҚ арасындағы Каспий теңізінің түбімен талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту бойынша бірлескен кәсіпорын құру туралы келісім.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама