×

Атырау базарында ірі өрт болды

Көлемі 800 шашы метр болатын шатыр жанып кетті

 Халық үні 22.06.2023 | 19:56
фото: видеодан скриншот

Атырау қаласының Абдрахмен көшесінде орналасқан әмбебап дүкен өртенді, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға 22 маусымда сағат 13:04 шамасында болған.

«Өрт өндіру бөлімдері шақырту орнына жеткен кезде әмбебап дүкеннің төбесі жанып жатқан. Көлемі 800 шашы метр болатын шатыр жанып кетті. Өрт 14:27 сағатта ауыздықталып, 14:45 сағатта толықтай жойылды», - дейді ведомство.

Қазіргі күні өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге барлығы 53 адам, 13 техника жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама